Онлайн газет



Ауданның тыныс-тіршілігімен танысты

С.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Өткен жұма күні ауданымызға ҚР Президенті Әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік инспекторы Крылов Василий Леонидович өңірмен танысу мақсатында іс сапарымен келген болатын.
Құрамында облыс әкімінің орынбасары Қ.Әбдірайымов бар ресми тұлғаларды аудан әкімі М.Шүкеев бастаған бір топ аудан басшылары Қызыл жұлдыз ауылдық округі аумағынан қарсы алып, осы елдімекен аумағында орналасқан “Rola-7” ЖШС-іне ат басын бұрды.
Серіктестік басшысы Тұрсынбек Нұрбаев арнайы келген ресми қонақтарға аталмыш ұжым туралы, атап айтқанда, оның құрылу тарихы, меншік иесі, негізгі айналысатын кәсібі, онда жұмыс істейтін жұмысшылар саны, өндіріс орны тарапынан олар үшін жасалып отырған әлеуметтік жағдайлар, өндірілетін өнім түрлері, олардың өтімділігі, бағасы, сапасы, қажетті шикізат мәселелері жайында кеңінен мәлімет беріп, өндіріс цехтарын аралатып көрсетті.
Әңгіме барысында серіктестік “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы бойынша “Халық Банкі” АҚ-нан 14 пайызбен жалпы сомасы 165,5 млн. теңге көлемінде несие алуға қол жеткізгендігі, (оның 35 млн. теңгесі жаңа цех құрылысына, 38, 5 млн. теңгесі айналмалы қорды толтыруға және 92 млн. теңгесі қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға) алынған несиенің 50 пайызы аталмыш бағдарлама аясында субсидияландырылатындығы айтылды. Бұдан соңғы өндіріс нысандары - Көктал ауылдық округіне қарасты “Жамбыл құс” және Мырзатай елдімекені аумағында орналасқан “Аулие-Ата Феникс” құс фабрикалары болды. Аталған  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары Макен Тұрмағанбетова және Фарида Жүнісовалар өз кәсіпорындарының бүгінгі жағдайы, нақтылай келгенде, алғашқысы - құс фабрикасының бүгінгі тыныс-тіршілігі, кейбір туындап отырған проблемалық мәселелері, алдағы жоспарларымен бөліссе, кейінгісі - жаңадан бой көтеріп, болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған, таяу арада ашылып, өз жұмысын бастау алдында тұрған құс етін өндіру фабрикасы құрылысының барысымен таныстырды.
Сондай-ақ өндіріс орнымен танысу барысында бұл жобаның “Казагроқаржы” АҚ-нан қолдау тауып, “Казагрохолдинг” АҚ-ы арқылы қаржыландырыл-ғандығы, “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша нысанның инфрақұрылымдарын (табиғи газ, электр жүйесі, кәріз, су желісі) жүргізу барысы, жаңадан ашылуға тиіс жұмыс орындары, кәсіби мамандармен қамтамасыз етілуі, бөлінген қаржының тиімді және уақытылы игерілуі т.б. мәселелер қызу әңгіме арқауына айналды.
Сапар соңында Василий Леонидович жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбаты барысында жұмыс сапарының негізгі мақсаты, аралап көрген нысандардан алған әсері, Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттер жайын сөз етті.

Обновлено 12.12.2014 15:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін397
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада397
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39398
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246784

Серіктестер