Онлайн газет



Ел болашағына арналған құжат

Г.Дүйсенбекова.
“Нұр Отан” партиясы Байзақ аудандық филиалы «Газ тарату» бастауыш партия ұйымының төрайымы.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның ХХІ ғасырда табысты қадамдар жасауын қамтамасыз ететін саяси көшбасшылықтың басты тетігі. “Нұр Отан” - билікке мемлекетті дамытуға, ал қоғамға – билікті бақылауға көмектесетін бүкілхалықтық партия.
Туған Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін бізге халықтық бірлікті, саяси тұрақтылықты сақтау ерекше қажет. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған парасатты саясаты, лидерлік қайраткерлігі – Қазақстан дамуының басты кепілі. Сондықтан да, халықтың зор қолдауына ие болған «Нұр Отан» партиясы әрқашан көшбасында болуға міндетті. Бұл ортақ іске біздер өз үлесімізді зор еңбегімізбен қосамыз, жаңа идеялармен жаңғыртамыз деп сенеміз.
Тәуелсіз еліміздің дамуы мен қуатты мемлекетке айналуы жолында жетекші  “Нұр Отан”  партиясының атқарған еңбегі өлшеусіз. “Нұр Отан” партиясы өзі жұмыс жасаған бірқанша жыл ішінде маңызды қадамдарға бара отырып, көптеген игілікті істерге бастамашы партия бола білді.
Әлем жұрты таңқалып бас иген әсем де, ару қаламыз Астананың бой көтеруі, Ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықтың алтын күрмеуі, Ислам конференциясының өтуі, Еуропаның ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, қысқы Азиада ойындарының Алматы қаласында өтуі үлкен мәртебелі істер болып табылады.
Он бес жылдың белесінен қарасақ өткен жылдарда көңіл марқайтар қуанышты сәттер аз болған жоқ. Тұманды Альбион төрінде, Бейжіңде, Сиднейде, Афиныдағы өткен олимпиадаларда жасындай жарқыраған аға-әпкелеріміздің жеңісі әр қазақстандықтардың жүрегіне мақтаныш сезімін сыйласа, Париждегі ЭКСПО-2017 көрмесін елімізде өткізуге 100-ден астам мемлекеттің біздің елді қолдап дауыс беруі даңқымызды аспандатты.
11 қараша күні, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында  Елбасы Қазақстан халқына дәстүрлі  Жолдауын жария етті. Мемлекет жаңа экономикалық саясатқа бет бұрды. Жаңа саясаттың – жаңа атауы бар – «Нұрлы жол». Онда қазіргі әлеуметті толғандыратын көптеген мәселенің шешімі айтылған. Үкіметтің алдына қойылған тапсырмалар да мықты. Бір сөзбен айтқанда, ел болашағына арналған “Нұрлы жол - болашаққа бастар жол”  Жолдауында партия төрағасы әдеттегідей тың идеялары мен озық ойларын ортаға салды. Әрдайым елдіктің кілті бірлікте екенін айтудан жалықпайтын Елбасымыз, айрандай ұйыған еліміздің даму стратегиясын айқындап берді. Бабалар аңсаған  “Мәңгілік ел” болу жолында бір қазақтай жұмылуын қадап айтқан сөздері әр қазақтың жүрегінің төрінен орын алары сөзсіз.
«Нұрлы жол» кешенді бағдарламасы елдің барлық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Ұлттық қор қаржысы ел игілігіне жұмсалмақ. Мысалы: білім саласына 70 млрд. теңге, бала бақшаларды салуға 20 млрд. теңге, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға 10 млрд. теңге бөлінбек. Ең бастысы бірге жұмыс істеу.
«Нұр Отан» партиясының ұйымдық негізін - бастауыш партия ұйымдары құрайды. Біздің  «Газ тарату» бастауыш партия ұйымының құрамына 4 мекеме кіреді: Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы, №3 Байзақ колледжі, «Балдырған» бала бақшасы және «КазТрансГазАймақ» АҚ Байзақ газ тарату бөлімшесі. Бұл бастауыш партия ұйымының жалпы мүше саны – 280 адамнан тұрады. Аудан көлемінде белсенді бастауыш партия ұйымы ретінде Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын ұжым арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстары дәстүрлі түрде атқарылып келеді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Солай демекші, Елбасы Жолдауларын басшылыққа ала отырып, “Нұр Отан” партиясымен бірге нұрлы болашаққа жол бастау біздің де басты міндетіміз деп санаймын.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін573
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада573
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39574
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246960

Серіктестер