Онлайн газет



Саңлақ спортшылармен емiн-еркін пiкірлесті

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Атам қазақ бірінші денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі-спорт. Денсаулығы күшті, бойында қуат-күші мол, шымыр, шыныққан,  жан-жақты дамыған жас-қоғамның байлығы саналады.  Өткен аптада Сарыкемер орта мектебінде  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Ажар Мейралиеваның мұрындық болуымен 6-8 сынып оқушылары арасында  “Шынықсаң-шымыр боласың” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Толығырақ айтсақ, оқушылар  қол күресінен әлем чемпионы Айдын Әбдіқапарқызы, самбодан Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, әлем кубогінің иегері Абылай Исағалиұлы және  аяқдоп жаттықтырушы Алексей Паймен кездесті.
Ел мақтанышына айналған қайсар спортшылармен өткен дөңгелек үстелдің  басты мақсаты-оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, салауатты өмір салтын  қалыптастыру арқылы зиянды әдеттерден бойларын аулақ салуды мақсат еткен шараны мектеп директоры М.Наметқұлов ашып,  спорттың адам өміріндегі алатын орнына тоқталды.  Өсіп келе жатқан жасөспірімдердің туған жерімізден шыққан, бүгінде биік белестерді  бағындырған спортшылармен  ашық пікірлесуінің берері мол тағылым  екенін тілге тиек етті.
Алдымен көпшілікке ел абыройын асқақтатқан саңлақ спортшылардың өмірдерегі таныстырылды. Бұдан соң самбо күресінен  Қазақстанның 5 дүркін чемпионы,  әлем кубогінің иегері Абылай Исағалиұлы,  қол күресінен  әлем чемпионы Айдын Әбдіқапарқызы, аяқдоп жаттықтырушысы  Алексей Юнусунович Пай спортқа қалай келгендігін,  алған жетістіктері жөнінде қысқаша  айтып өтті.Спорттың кез-келген түрімен     бала жастан айналысқанда, үлкен жетістікке жетуге болатындығын, кез келген жасөспірім алдына  мақсат қойып, сол жолда ерінбей-жалықпай тер төгудің  маңызын сөз етті. Аудан әкімдігі білім бөлімінің дене шынықтыру пәні  әдіскері А.Шаухаров болса   білім ошақтарына  жасалып жатқан қамқорлықтарды сөз етті. Бұдан соң оқушылар Лондон Олимпиадасында  еліміздің мәртебесін биіктеткен қазақстандық спортшылар,  Байзақ өңірінің  даңқын  асырған спорт саңлақтары,  сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балет майталмандарының өнері жөнінде  шағын фильмді  тамашалады.
Спорт әлеміне саяхат жасаған   оқушылар елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы мен Елбасының үстіміздегі жылғы “Нұрлы жол-болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы  маңызды міндеттермен танысты.
Сұлу сөзбен кестелі ойды көркемдей отырып, дөңгелек үстелдің шырайын келтірген  Ажар Мейралиева  Сарыкемер  орта мектебінде  дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға, соның ішінде футбол, волейбол,  қазақша күрес  үйірмелерінің  жетекшілері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері   Ә.Жолдасов, А.Бесбаев, Қ.Сматов,  А.Молдатаевтың  еңбектерін атап өтті. Мектеп психологі Н.Қарқынбаева қонақтармен және оқушылармен адам ағзасына спорттың тигізетін пайдасы туралы  тренинг өткізді.
Алқалы жиында 6 және 8-сынып оқушылары  чемпиондарға сауалдар қойып, салауатты өмір салты,  тазалық,  күн кестесі,  жасампаз еңбек,  дене тәрбиесі төңірегінде  өздерінің ойларын  ортаға салды. Дөңгелек үстелді мектеп директоры М. Наметқұлов қорытып,  ел мақтанышына айналған спортшыларға ілтипат көрсетті. Өз кезегінде халықтың сенімін арқалаған айбынды спортшылар  жеткіншектердің сауалдарына ашық-жарқын жауап бере отырып, қасиетті білім шаңырағының мәртебесі арта берсін деген тілектерін жеткізді.

Обновлено 12.12.2014 15:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін734
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада734
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39735
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247121

Серіктестер