Онлайн газет



Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету

Қ.Мухаев,
ХҚКО-ның Байзақ аудандық бөлімінің инспекторы.

Елбасы өз Жолдауларында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсету жайын үнемі назардан тыс қалдырмайды. Сондықтан да қазіргі таңда 1,2 санаттағы мүгедектігі бар тұлғалар немесе өз күшімен орталықтарға  қатынаса алмайтындар сонымен қатар, ҰОС ардагерлері ХҚКО арқылы ұсынылатын барлық мемлекеттік қызмет түрлеріне үйінен шықпай –ақ  тапсырыс бере алады. Ал  өз  бетімен келуге мүмкіндігі  жоқ мүгедек азаматтар мемлекеттік қызмет алу мақсатында біріңғай байланыс орталығына 1414 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруға болады . Тапсырыс түсісімен өтінім 10 минут ішінде тіркеліп, тапсырыс берушінің аты –жөні, уақыты, мемлекеттік қызмет түрі жазылады әрі тапсырыс берушіге  қажетті құжаттардың тізімі ескертіледі. 72 сағат ішінде ХҚКО  мобильді тобы үйде өтінішті қабылдау үшін өтініш берушінің тұрғылықты мекен –жайына барып мемлекеттік қызмет түрлері бойынша кеңес беріп, құжаттарын қабылдап, дайын құжатты уақытылы жеткізетін болады. Сонымен қоса, барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалып отыр.              
Мәселен ХҚКО-ның ғимараттарының кіреберісінде арнайы шақыру батырмасы орналасқан.  Оны басу арқылы мүмкіндігі  шектеулі азаматтар ХҚКО қызметкерлері тарапынан  ғимаратқа кіруге көмек алады. Ал егер 1,2 топтағы мүгедектердің электрондық цифорлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйде интернет болса  электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндіктері бар. Мысалға айтар болсақ мекен-жай анықтамасын орталыққа келмей-ақ үйде рәсімдеуге және де сол сияқты көптеген қызмет түрлерін электронды  портал арқылы жүзеге асыруға болады .
Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға барынша басқа азаматтардан кем етпей жағдай жасауға тырысамыз. Яғни, оларға қолдан келгенше көмек беру біздің ортақ міндеттіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін885
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада885
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39886
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247272

Серіктестер