Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ-БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ

Өткен аптада  аудан әкімі Мұратхан Шүкеевтің төрағалық етуімен аудандық әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Онда “Аудан көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша күзгі екі айлықтың қорытындысы»  қаралып, бұл жөнінде  аудан әкімдігі  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Қойлыбаев баяндама жасады.
Жиналыс барысында  аудан көлемінде күзгі екі айлықтың аясында  қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар мен   орын алған кемшіліктердің барысын көрсететін слайдтар ұсынылды.
Елді мекендердің келбетін көтеру, санитарлық тазалық жағдайын арттыру мақсатында  әр аптаның жұма-сенбі күндері сенбіліктер  ұйымдастырылған. Жалпы аудан бойынша  9 рет жаппай сенбілік өтіп, оған 224 мекеме тартылып, 13740 адам қатысқан. Екі айлық  шеңберінде 4610 дана тал көшеттері отырғызылған. 1005 м2 гүлзарлар мен 313 м2 көгал  орналастырылған. 205,1 шақырым арық пен каналдар, 3114,1 шақырым көшелер, 4815м2 саябақтар мен скверлер күл-қоқыстан  тазартылған. 327,5 тонна кездейсоқ күл-қоқыс шығарылған.
18 ауылдық  округке жергілікті бюджеттен 2014 жылы қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру, көктемгі және күзгі екі айлық тазалық жұмыстарына 47903 мың теңге бөлінген. Аталмыш қаражат  санитарлық тазалық жұмыстарына,  көшелерді жарықтандыру мен  елді мекендерді көгалдандыруға бөлініп, игерілген.  Тазалыққа немқұрайлы қарап, жасыл екпелерді жойып,  бүлдірген  234 тұрғын жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде  32 азаматқа айыппұл тағайындалып, 202 азаматқа ескерту берілген. Ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін 176 тұрғын жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 121 азаматқа айыппұл салынып, 18 азамат әкімшілік жауапқа тартылған.  22 іс аудандық сотқа жіберілген. Бәйтерек және Үлгілі ауылдық округтерінде тазалықты сақтамағаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке 2 азамат тартылып, әрқайсысына  5556 теңгеден айыппұл салынған.
Баяндамашы сонымен бірге күзгі екі айлық шеңберінде аудандық мәндегі автомобиль жолдарының және елді мекендердің көшелерінің орта жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 2014 жылы жалпы 196,7 млн. теңге қаралып, 5 жолдың 14,7 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін,   ал аудандық бюджеттен 48 млн. теңге бөлініп, оның 4,2 млн. теңгесі Сарыкемер ауылындағы Сыздықбаев көшесі және 4,8 млн. теңгесіне Бурыл ауылындағы Белқожа каналы арқылы өтетін көпір орта жөндеуден  өткендігі, қалған қаржыға 11 елді мекеннің 16 жолының 34 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілілгенін  тілге тиек етті.
Рашид Абсатұлы аудан аумағындағы жол  қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,412 млн. теңге бөлініп, елді мекендердің аумағына 67 арнайы  жол белгілері мен  6 жерге жасанды жол кедергілері, жаяу жүргінші өткелдері жасалғандығын  мәлімдеді.
Мәжілісте Ботамойнақ және Үлгілі ауылдық округтерінің әкімдері Е.Зәуірбеков пен  Д.Мәдешов  округтерінде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
Мәжілісті қорытқан аудан әкімі  Мұратхан Жүнісәліұлы  қыс  мезгілінде де  тазалықты сақтап отыру назардан түспейтіндігін,  қоршаған орта мен қоғамдық орындарды, Талас жағасын, үлкен күрежол бойларын ластағандар жауапкершілікке тартылатындығын айта келіп, тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырма берді.
Алқалы жиында басқа да   мәселелер қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 09.12.2014 10:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін217
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9615
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39218
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246604

Серіктестер