Онлайн газет



БIЛIМ САПАСЫН АРТТЫР-БАСТЫ МАҚСАТ

Мемлекетімізде бүгінде білімді ұрпақ тәрбиелеу күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Елбасы бастап, елдегі баянды бастамалардың көбісі жастардың, әсіресе ауыл балаларының

барынша білікті маман атануына арналуда.

 

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақталған мектептерді дамыту қажеттілігі баса айтылған. Осыған байланысты жер-жерлерде аталмыш мәндегі мектептер және оларға жақын орналасқан білім ордаларында оқитын оқушылардың озат болуына қажетінше көңіл бөліну көзделуде. Тіпті, қазіргі таңда осы бағдарлама аясында эксперименттік кезеңдерді өткізу мықтап қолға алынуда. Осындай сынақ кезеңі жуырда аудандағы Дихан тірек мектебінің (ресурстық орталық) базасында жүргізілді. Дихан тірек мектебіне (ресурстық орталық) жақын орналасқан магниттік білім ордалары - Сарыбарақ, М.Әуезов, Чапаев, Берікқара, Қарасу және Ақбозов орта мектептері осы эксперименттік сынаққа қатыстырылды.

«12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесінің педагогикалық негіздері» деген тақырыппен өткізілген шара 15 қазанда басталып, осы айдың 20-шы жұлдызына дейін өз жалғасын тапты. Оған барлығы аталмыш мектептерден 10-11 сыныптардан 108 бала қамтылып, жастарға жақсы тәлім-тәрбие, сапалы білім беру үшін арнайы аудан мектептерінен іріктелініп алынған жоғары және 1-ші санатты 23 мұғалім сабақ жүргізді.

Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ мұнда жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша өткізілген сабақтарға қатысумен қатар, шығармашылық жұмыстарда өз білімдерін ортаға салды. Олар негізгі пәндер бойынша біліктіліктерін шыңдап қана қоймай, өлкетану, пікірсайыс, дебат сынды ашық сабақтарда ойларын еркін білдіруге машықтанды. Домбыра, қолөнер, спорттың– баскетбол, волейбол, тенис, шахмат түрлерінен және компьютерді модельдеу үйірмелеріне барып, өздеріне қажетті мағлұматтар жинады. Аптаға жуық уақытқа созылған мерзімде білікті ұстаздар ғылыми-техниканың соңғы жетістіктері интерактивті тақта арқылы сабақтың негізін түсіндірсе, зертханада оны іс жүзінде көрсетті. Оқушыларға бұл күндері қаладағы жоғары оқу орындарының тәжірибелі ғалымдары келіп, семинар-сабақтар өткізді. Мұның да жастардың ғылыми шағырмашылықпен айналысуына айтарлықтай бағыт-бағдар бергені анық.

“Сынақ кезеңінің сәтті өтуіне республикалық және жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, балалар 4 мезгіл тегін, ыстық тамақпен қамтылды. Мұның ішіне сонымен қатар, мектеп оқушыларын тасымалдау да кіреді. Іс-шараның өтуіне байланысты мектептің материалдық базасы нығайтылып, ол білім сапасының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Аудандағы ең білікті деген мамандар арнайы шақырылып, олар өмірде көрген-түйгендерін, тәжірибе арқылы жинақтаған білімдерін сынаққа қатысушы балалардың бойына сіңіруде талмай еңбек етуде” - дейді бізбен болған әңгімесінде Дихан тірек мектебінің (ресурстық орталық) директоры Н.Әбдуалиев.

Осы жерде айта кетерлік тағы бір жәйт, шараның биік дәрежеде ұйымдастырылуына Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Э.Өмірзақова бастаған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Жаманғараева, эксперименттік ісі жөніндегі орынбасары Б.Керімбекова және бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Байбатчаевтар елеулі үлес қосуда.

Қалай дегенде де, жүргізілген сынақ болашақ бастауы - балалардың білімін нығайтып, олардың заман талабына сай жан-жақты болуына арналғандығы анық.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 27.10.2012 16:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1302
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7319
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32886
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203616

Серіктестер