Онлайн газет



Баланың жанары, ананың қабағы шуақтанды

Қ.Дәрібайұлы,
штаттан тыс тілші.

Адам – қоғам байлығы болып саналатындықтан, еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейін бәрі-бәрінің өз орны бар. Сонымен қатар, өмірдің, ортаның әлсіз буыны – мүгедек жандардың да назардан тыс қалмай, еленіп отыруы елдігімізді

білдіре түсері даусыз.
Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер  күніне орай Мырзатай ауылдық округінің әкімі Н.Есімов бастаған әкімшілік және әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен осы аймақтағы мүгедек балаларға сый таратылды.
Қабілет қарымы, денсаулығы төмен, көңілдері жарым 9 баланың әрқайсысының үйіне арнайы барып, түрлі ойыншықтар табыс ету үстінде олардың ата-аналарының арыз-шағымы, өтініштері тыңдалды. Мүмкіндігі шамалы қамкөңіл балалардың бір сәтке болса да жандары жадырап, жанарынан өмірге деген құштарлық ұшқыны көрініс тапты. Ата-аналар тарапы балаларына жасаған сыйы үшін, әсіресе, елеп-ескерген ниет-пейілдері үшін ауыл белсенділеріне рахмет-алғыстарын айтты.
Орайына қарай айтар болсақ, осы іс-шараның алдында ғана Н.Есімовтың басшылығындағы осы топ «Қарттар күнін» де құр жібермей, Мырзатай ауылының тұрғыны жалғызбасты ана Жапарова Сәуле апайдың үйінде болған еді. Туған күні қарттар мерекесімен қабаттаса келіп 74 жасқа толып отырған Сәуле апайға ауыл әкімшілігі мен әлеуметтік қызметкерлер атынан сый тапсырған ауыл әкімі Нариман Әтейұлы қарт кісіге зор денсаулық, жақсылықтар тілейтінін білдірді.
Жалпымен бірге болғанымен жалқы өмір сүріп жатқан кәрие кісі де ағынан жарыла ақ батасын беріп, шынайы көңілін сездірді.
Жабырқаулы жандарға деген жақсылықтар жасау тек атаулы күндерде ғана емес, ретіне қарай жалғаса береді, дейді осындағы әлеуметтік қызметкерлер Ж.Нарбатырова мен Н.Жұмаділдаева.

 

Обновлено 15.10.2012 15:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1784
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5925
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31492
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202222

Серіктестер