Онлайн газет



Елді қорғау – ердің ісі


7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери қызметкерлерді қабылдаған аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы осылай деді. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қажырлы еңбегімен еленіп жүрген әскерилер бас қосқан жүздесуде М.Шүкеев мемлекетімізде тұрақтылық пен тәртіптің орнауында Отан қорғаушылардың алатын орны ерекше екендігін айтып,  Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Назарбаев жасақтаған қуатты армия қазіргі таңда республика шебін, ел тыныштығын қорғайтын алып күшке айналғанын мақтанышпен жеткізді.
Соның ішінде Байзақ ауданының аумағындағы әскерилердің қызметіне адалдығы туралы айтып, оларды алдағы айтулы мерекелерімен құттықтады. Дендеріне саулық, ел қорғаны болу жолындағы қызметтеріне табыс, қайтпас қайрат пен жігерлі рух тіледі.
Жылы жүздесудің соңы марапаттауларға ұласты. Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Қ.Бошай, осы бөлімнің жұмылдыру қорларын есепке алу және тағайындау тобының басшысы Б.Көлбаев, Ақжар ауылындағы №40336 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарушы Н.Алтаев, осы бөлімнің рота командирі С.Шораев және Қайнар ауылындағы №28349 әскери бөлімінің командирі А.Эльчибаев, осы бөлімнің инженерлік оқ-дәрілерді сақтау бөлімшесінің қойма басшысы Б.Сайпназаровтар аудан әкімінің Грамотасымен мадақталды. Әскери қызметкерлерге сый-сияпаттар табыс етілді.
Өз кезегінде  мұндай құрметке ие болған әскерилер жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуді жалғастыратындықтарын жеткізіп, Отан алдындағы қызметтерін адал атқаруға уәде берді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.05.2014 11:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1504
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7521
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33088
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203818

Серіктестер