Онлайн газет



Соғыстың қаһарманы

Кешегі бойына ерлікпен, жігер тұнған жауынгер, бүгінгі ел құрметіне бөленген ардагерлердің бірі-ақжарлық  Бахы  атамыз 89 жасқа келсе де тың. Әрбір сөзін нықтап айтатын  ардагер  аузы дуалы шешендердің нақыл сөздерін,  эпостық жырлармен қатар шежіреден сыр шерткенде тәнті болдық.

Әкесі Рүстембек пен анасы  Нұрлықайымның тұңғышы  Қайсардың соңынан ілесе өмірге келген Бахы атамыз 1925 жылы ауданымызға қарасты Ақжар ауылының терістік жағындағы Қарасу бойындағы  Қызылқұм (қазіргі Ақжар) ауылында  дүниеге келіпті. Ұжымдастыру, аштық пен қуғын-сүргін жылдарының  қиындығын көзімен көріп өскен ол жастайынан еңбеккер болып өседі. Өзі қатарластармен  бірге  қара жұмыстың қазанында шынығады. Өгіз арбамен  бидайды Ақшолақ стансасындағы вагондарға тасу секілді жұмыстарды  атқарып жүргенде, яғни 1942 жылдың  маусым айында Армияға алынып, алғаш Мәскеу қаласына  таяу орналасқан орман ішіндегі №158  запастағы атқыштар полк құрамында соғыс өнерін үйренеді. 1943 жылы Украинаның Ржев қаласын  жаудан тазарту үшін болған кескілескен ұрыстарға қатысады. Польша жерінде, Маньчжурияда, яғни жапон басқыншыларымен соғысып,   қолға түскен тұтқындарды Ворошилов қаласына жеткізу, одан кейін Владивосток қаласында арнайы  тапсырма бойынша жауапты қызметтер атқарады.
1948 жылы елге оралған Бахы атамыз Тараз қаласындағы №1 қалалық ішкі істер  бөлімінде  милиция қызметкері,  кейіннен   туған ауылы-Ақжарда жүргізуші,  шопан болып, қойлы ауылдың аптабына күйіп, суығына тоңа жүріп,  жоғары жетістіктерге қол жеткізіпті.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі  лайықты бағаланып,  майданнан омырауына тағып келген  «Отан соғысы» ордені мен  “Маршал Жуков”, “Германияны жеңгені үшін”, тағы басқа  көптеген медальдардың қатарын бейбіт күнде облыс, аудан, кеңшар, кәсіподақ, еңбек ұжымдарының көптеген  Грамоталары толықтырды.
Сүйегі асыл атамыз үшін бұдан  алты жыл бұрын  өмірден озған зайыбы Сұрашкүл Сатылғанқызының  орны қатты білінгенімен, 10 перзентінен қазіргі кезде 30 немере,  бірнеше шөбере мен шөпшегінің   қызығына бөленуде. Осылайша  ауылдың қадірлісі атанған  Бахы Рүстембеков Ұлы Отан соғысында жасаған ерліктерін бейбіт заманда ерлікке тән еңбектерімен ұлықтап, құрметті ел ағасына айналған.

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.05.2014 11:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1838
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5979
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31546
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202276

Серіктестер