Онлайн газет



Жауынгер ұстаз

Жұмабек Омарбеков,
зейнеткер.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 70 жылдың жүзі болып қалды. Сонау соғыс жылдарында дүниеге келген біздер  де бүгінде  жетпістен асып, зейнеткер атандық. Сол бір қиын-қыстау жылдарда, қан майданында фашизмге қарсы аянбай соғыс жүргізіп ұрыс даласында көз жұмса,  кейбірі елге аман-есен  оралып, жемісті еңбек етіп, келешек ұрпақ үшін тер төкті.  Сол сұрапыл соғысқа бастан аяқ қатысып, одан кейінгі өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған абзал жандарды еске алып, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу біздің басты борышымыз.
Сондай жандар қатарында ұлағатты ұстаздар- Ә.Сұлтанбеков, О.Жарболов, Ш.Мыңжасаров, И.Сидаренко, К.Бөгенбаев, М.Ноғаев, Ж.Қожағұлов секілді  көптеген ағаларды айтуға болар еді. Соның ішінде саналы өмірінде білім саласын өркендетуге атсалысқан, жауынгер-ұстаз, мектеп директоры болып,  көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен Сұлтанбеков Әбен ағамызды еске алсақ кейінгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.
Әбекең 1922 жылы ақпан айында дүниеге келді. Дихан ауылында алғаш рет мектеп есігін ашты. Оқып жүріп,1932 жылғы ашаршылықты бастан кешірді, балалар үйінде тәрбиеленді. 1937 жылғы қуғын-сүргіннің зардабын өз көзімен көрді, жазықсыз жандардың құрбан болғанын айтып отыратын.
Ел енді есін жинап, еңбекке араласып, халық шаруашылығын дұрыс жолға қойып, жастар оқу іздеп, білім алуға бет бұра бастағанда 1941 жылы 22-ші маусым күні фашистік Германия тұтқиылдан соғыс ашты.
Әбекең алғашқылардың бірі болып Совет Армиясының қатарына алынды. Екі ай әскери дайындықтан өткен соң соғысқа аттанды.
Әбекең соғысты Харьковты азат етуден бастады. Осы бір ұрыста жасаған ерлігі үшін «За отвагу» деген медалімен марапатталды. Кезекті ұрыста иығынан жараланып, дала госпиталында, содан кейін Саратов облысындағы госпитальдарында  емделіп, қайтадан ұрыс майданына жіберіледі.
1943 жылғы Сталинград майданында болды. Әйгілі генерал  Фельдмаршал Паулюсты қолға түсіру кезінде ауыр жараланып, ұрыс даласында ес-түссіз жатқан жауынгерді, өзіміздің әскерлер тауып алып, госпитальге жібереді. Сонымен Ә.Сұлтанбеков 1944 жылы соғысты аяқтап, ІІ топтағы мүгедек болып елге оралады.
Соғыстан алған ауыр жарақаты толық жазыла қоймаса да жауынгер ағамыз өзі сұранып ауылшаруашылық жұмысына белсене араласты, комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, кейіннен бастауыш партия комитетінің хатшысы қызметіне  жоғарылатылды. Колхоздарды ірілендіру науқанына араласты.
1953 жылы жас коммунист  Шымкенттегі мұғалімдер институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны толық аяқтап шығады. 1955 жылдан бастап, Әбекеңнің педагогикалық өмір жолы басталады.
Сұлтанбеков Әбен зейнетке шыққанға дейін ауданымыздың бірнеше мектебінде басшы қызметтерде болды. Соның ішінде өзінің ауылында В.И.Ленин атындағы орта мектебінде 40 жылдан астам мектеп директоры болып жұмыс істеді.
Ардақты ағамыз бала тәрбиесіндегі жемісті еңбегі үшін  мемлекеттік наградаларға ие болды. Қазақстан халық ағарту ісінің және КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Дихан ауылдық округі бойынша соғыс  және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы, Байзақ ауданының Құрметті азаматы атанды.
Әбен ағамыз «За отвагу» 16 жауынгерлік медаль, І, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордені және республикалық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері, сонымен бірге аудан және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ол жұбайы Тұрғанкүл екеуі Айдос, Бақытжан, Дулат, Зубайда, Майра атты ұл-қыздарын тәрбиелеп, өсірді. Бүгінде перзенттерінен 19 немере, 26 шөбере, 3 шөпшек бар. Жауынгер ұстаздың жүріп өткен жолы, міне осындай.

Обновлено 11.05.2014 09:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін921
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6938
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32505
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203235

Серіктестер