Онлайн газет



Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Қ.Бошай,
Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы.

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың Ұлы Жеңіске міне, алпыс тоғызыншы рет қарсы  алып отырмыз. Бұл жеңіс бізге оңайшылықпен келген жоқ.
Бүгінгі  күні ауданымызда 13 соғыс ардагері

қалды. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді ұлықтау – біздің басты парызымыз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғалы бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардагерлерімізге үзбей қамқорлық жасап келеді.Сол игі істерді жалғастыру мақсатында Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшылығы және ауылға қарасты әскери-есеп мамандары ауданда тұратын барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерін аралап, мұқтаж-қажеттіліктерін сұрап, келе жатқан Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде мереке қарсаңында оларды елеп-ескеріп келген аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұжымына қарт майдангерлер де алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Адамзат баласына қайғы мен қасірет әкелген сұрапыл соғыс  жайлы естеліктер айтып, елде тыныштық болуын тіледі.

 

*                           *                           *

Аға ұрпақтың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету, ардагерлердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында аудан аумағында біраз шаралар өткерілуде. Жақында  «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты жоба өткізілді. Жоба аясында  аудан аумағында тұратын  соғыс және еңбек ардагерлері: құмжоталық Орахат Бегилдаев, жетібайлық  Рахымжан  Мамыралиев, сарыкемерлік  Сайпулла Мурсалиев мен Сауытбек Рысбаев, ақжарлық  Мәдібек  Мақұлбеков, Баха Рустанбеков, қызылжұлдыздық Үсен Тоғаев пен суханбайлық Иманқұл  Жақсығұлов, Өнербай  Молдабаев, бурылдық Иван Дужинский, үлгілілік Базарбай  Қалдыбаев, аққиялық  Жетпісбай Кембаевтардың отбасында  “Нұр Отан” бастауыш партия ұйымынын төрағалары мен ауылдық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылары  болып,  майдангерлермен  емін-еркін пікірлесті. Сұрапыл соғыстың бел ортасында болған ардагерлердің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау мақсатында сұрақ-жауап парақшасы толтырылды.

*                           *                           *

Жеңіс мерекесінің қарсаңында  Жалғызтөбе ауылдық округіндегі «Жастар орталығының» ұйымдастырушысы Д.Майлиева және аға тәлімгері А.Нұрқожаеваның  ұйытқы болуымен Жамбыл атындағы мектептің  7 «ә» сынып оқушылары, яғни «Жасұлан» ұйымының мүшелері соғыс ардагері   Рахымжан Мамыралиевтің  отбасында болып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Соғыс ардагерін мерейлі мерекемен құттықтап,  үй шаруасына көмек қолдарын созған жасұландықтар алдымен үйдің айналасын сыпырды. Жер теліміндегі жиналып қалған күл-қоқыстарды  шығарып,  үйдің айналасын ретке келтіріп, тазалады.  “Ардагерлерді ардақтайық!” акциясы аясында өткен шара соңында қарт майдангер  мектеп оқушыларына алғысын айтып, батасын берді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 30.04.2014 11:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін479
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6496
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32063
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202793

Серіктестер