Онлайн газет



ТАБИҒАТ АЯСЫНДА - ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ

М.Манекеев,
“Ауыл жаңалығы”.

Бүгінгі таңда бұқаралық спортты дамытуға елеулі көңіл бөлініп келеді. Жер-жерлерде заман талабына сай, спорт алаңдары ашылып, пайдалануға беріліп жатыр. Міне, мұндай игі істер біздің аудан жұртшылығын да қуантып, жастардың

спортқа деген құлшынысын арттыру үстінде.
Аптаның сенбісі күні Сарыкемер ауылында жаңа спорт алаңының ашылуына ауыл тұрғындары көп жиналды. Сарыкемер ауылының шығыс жақ бетінде, Талас өзенінің жағасынан орын тепкен жаңа спорт алаңы табиғат аясында орналасқандықтан көпшілік назарын аударып отыр.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Мұратхан Шүкеев ашып, спартакиада қатысушыларын аудан ардагерлерінің ұсыныстарымен бой көтерген жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтады. «Спорт -  денсаулық кепілі. Біз - жедел қарқынмен дамып келе жатқан жас мемлекетпіз, біздің болашағымыз - жастар. Егер сіздер барынша білімді, мәдениетті, денсаулықтарыңыз мықты әрі креативті болсаңыздар, онда мемлекетіміз де мықты, қуатты болып, әлемдік қоғамдастықта лайықты орынға ие болады», - дей келе, осынау спорт алаңы алдағы кезеңде демалыс аймағына айналатынын жеткізді. Аудан басшысы өз сөзінде мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мен жеке құрылымдар тарапынан спортпен айналысу үшін қомақты істердің жүзеге асып жатқандығын атап отырып,  спорт алаңына демеушілік жасаған Байзақ аудандық телекоммуникациялар торабының  басшысы Шаихислам Каракулов пен «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалы Байзақ газ учаскесінің басшысы Шыңғыс Әшімге алғыс сезімін білдірді.
Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметов сөз сөйлеп, осындай спорт алаңын салуға ықпал еткені үшін аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлына аудан жұртшылығы атынан алғыс айтты. Өз кезегінде сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрғали Үкібаев үстіміздегі жылдың он бесінші ақпанынан бері Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 20 жылдығы мерейлі мерекесіне байланысты іс-шаралардың жалғасын тауып жатқанын айтып, жастар арасынан елімізге танымал спортшылардың көптеп шығуына тілектестігін жеткізді.
Спартакиада қатысушылары бұл алаңдағы алғашқы ойынды Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 20 жылдығы мен спорт алаңының ашылуына арнады.
Спорттың қол күресі (ерлер және әйелдер арасында), кіші футбол, волейбол және тоғызқұмалақ түрлерінен өткізілген жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және Диплом, медальдармен марапатталды.

 

Обновлено 25.04.2014 09:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1258
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5399
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30966
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201696

Серіктестер