Онлайн газет



ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Облыс әкімдігі Дін істері басқармасының ұйытқы болуымен дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған екі күндік  облыстық оқыту семинары өтті.
Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарға облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау органдарының   және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, мешіт имамдары мен теолог мамандары қатысты.
Семинарды облыс әкімдігі Дін істері басқармасы КММ-нің басшысы Сәкен Мыңбаев ашып, шараның маңыздылығына тоқталды. Бұдан соң  Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің “Әлем тарихы және дінтану” кафедрасының аға оқытушысы Мәди Бесбаев “Діни сенім бостандығының құқықтық аспектілері мен негізгі бағыттары туралы”,  “Нұр-Мұбарак” Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PһD доктор, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Бауыржан Ботақараев “Қазақ даласындағы дәстүрлі исламның қалыптасуы”, Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің директоры Медет Халықов “Дін саласындағы мемлекеттік саясат оны жүзеге асырудың қырлары”, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Данияр Мейірбеков “Діни гомилетика (дағуат). Жат ағым өкілдерінің дінге шақыру әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері”,   М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті педагогика және психология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Еркебұлан Дүйсенбеков “Қазіргі психологиялық тәжірибедегі (практикадағы) дін”,  Смм-Таргет маркетолог, блогер Мәдина Күзембай  “Әлеуметтік желінің алгоритмдерін меңгеру және тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу” тақырыптарында  дәрістер оқып, тәжірибе алмасты.
Семинар қатысушылары  күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, баяндамашыларға сауалдарын  қойып, жауаптар алды.
Алқалы жиын соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 03.05.2024 11:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін356
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада356
mod_vvisit_counterӨткен аптада12416
mod_vvisit_counterОсы айда29402
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281071

Серіктестер