Онлайн газет



МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ

Жыл сайын ауданымызда мал басы өсіп, халықтың жағдайы анағұрлым жақсарып келеді. Биылғы қыстың қатал, қардың қалың түскеніне қарамастан шарулар аталған науқанды ойдағыдай өткізді. Мал төлдету науқаны да сәтті аяқталды деседе болады.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша ауданда бүгінде мүйізді ірі қара 47885, қой-ешкі -370713, жылқы -21903, түйе-1179, шошқа -92, үй  құсы -255535 басқа жетіп отыр. Бұлардың арасындағы 29439 бас мүйізді ірі қара, 266150 бас қой-ешкі, 10981 бас жылқы, 827 бас түйе, 58 бас шошқа, 14055 бас үй құсы әрбір округтердегі шаруа қожалықтарының еншісінде болса, қалғандары жеке иеліктерде өсуде.
Аудандағы мал басы негізінен өз төлі есебінен көбеюде. Сондай-ақ кейінгі жылдары қолға алынған, халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған «Ауыл аманаты» жобасының да пайдасы көп тиіп отыр. Жоба аясында жеңілдетілген пайызбен несие алған шаруалар алған қаржыларына мал алып, оның басын көбейтумен айналысуда.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін466
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада466
mod_vvisit_counterӨткен аптада12416
mod_vvisit_counterОсы айда29512
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281181

Серіктестер