Онлайн газет



АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫ

Адам саудасы-бүгінгі күні ғаламдық проблемаға айналған қылмыс түрі. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлескен түрде күресіп келеді.
ҚР Бас прокуратурасы таратқан мәліметке жүгінсек, Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыс жылдан жылға артып келеді. Өйткені Қазақстанның географиялық орналасуы мен экономикалық даму қарқынына орай біздің ел көршілес Орталық Азия мемлекеттерінен жұмыс іздеп келетін жұмыссыздар үшін бірден-бір жайлы мекенге айналуда. Сөйтіп, жұмыс іздеп келген жұмыссыздардың кейбіреуі адам саудасының құрбанына айналғанын өмір дәлелдеп отыр.
Осы орайда Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметіне зер салсақ, шетел азаматтарының ішінде көп жағдайда Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары адам саудасы құрбанына айналуға бейім екені байқалады. Адам саудасының ішінде еңбекпен қанау фактісі анағұрлым жоғары. Адам саудасының әрбір жетінші құрбаны кәмелетке толмаған қыз балалар, жаңа туған нәрестелер екені ойландырады. Сондықтан да қазіргі күні Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымы осы аумақтағы әрбір елдің, Қазақстанның мемлекеттік органдармен, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда.
ҚР Конституциясының 1-бабында «Мемлекеттің жоғарғы құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екендігі нақты көрсетілген. Мемлекеттің жоғарғы құндылығы саналатын адам құқығына заңсыз қол сұғып, арам пиғылмен заңсыз әрекеттерге барып, оларды өз мақсатына пайдалану адами тұрғыдан да, заңды тұрғыдан да қылмыстардың ең ауыры болып саналады.
Қазіргі таңда саудамен нәпақа тауып, жас бойжеткен мен бозбаланы алдап, арбап, жеңіл ақшаның буымен дәмелендіріп, жансақ басқанды қақпанға түсіріп жүрген алаяқтар да арамыздан кездеседі. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген халық нақылына сүйенсек, әрбір адам белгілі бір қоғамда өмір сүргеннен кейін ол қоғамдағы заңдылықтарды, өз құқығын білсе, опық жейтіндер азаяр еді.
Осы орайда Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан ауылдық клубта ауылдың жастары және мектеп оқушыларымен тұрақты іс-шаралар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіп отырады. Адам саудасы-қылмыс түрі екендігі, осы қылмыспен айналысқандар жауапкершілікке тартылатындығы айтылды, ауыл тұрғындары арасында адам саудасына қарсы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

Ғазиз Абаханов,
Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін334
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада1498
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда29380
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281049

Серіктестер