Онлайн газет



ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛУДА

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елімізде жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін күшейтіп, баршаға ортақ қатаң тәртіп орнату бағытында жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді.  Экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды, сыртқы және ішкі нарықтағы бәсекелестікке нұқсан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді. Сондықтан қоғамның кереғар құбылысына тосқауыл қою - баршамыздың парызымыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі-қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Жемқорлыққа қарсы мәдениет-бұл адамның саналы және адамгершілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, өз құқықтарын жетік білу, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтарды қастерлеу.
Көптерек ауылы әкімшілігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ақпарат бұрышы (стенд) ілінген және арыз-шағымдар мен ұсыныс, пікірлерге арналған жәшік қойылған. Сенім телефоны  жұмыс жасайды. Мекемеге келіп түскен арыз-шағымдар мерзімінде қаралып, заңға сәйкес тиісті жауаптар өтініш иелеріне қайтарылуда. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында мамандармен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Самат КУсемисов,
Көптерек ауылының әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін441
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада441
mod_vvisit_counterӨткен аптада12416
mod_vvisit_counterОсы айда29487
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281156

Серіктестер