Онлайн газет



ЖАҢА БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Өткен аптада аудандық тарихи-өлкетану музейінің этнография залында “Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!” атты тифломузей жобасының зағип азаматтарға QR-код арқылы ұйымдастырылған

арнайы бұрышы ашылды.
Аталған игі іске Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұжымы ұйытқы болды.
«Тифломузей» жобасы арқылы зағип азаматтарымыз кеңістікті шарлау қабілетін қалыптастыруға қол жеткізсе, замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция мүмкіндігі шектеулі азаматтарға смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы ортағасырлық дүниеге саяхат жасауға мүмкіндік бермек.
Салтанатты шарада арнайы бұрыштың лентасын аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Артық Үкібаев пен Байзақ аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Еркін Жалғасұлы қиып, жүрекжарды лебіздерін айтты. Сонымен бірге шараға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Зарина Дүкенбаева да қатысып, ізгі тілегін білдірді.
Ендігі кезекте ауданының тарихымен танысуға келген әрбір зағип музей қонағы бола отырып, халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтары мен тарихымен терең таныса алады.

 

Айнагүл Мамытбекова,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері.

Обновлено 03.05.2024 11:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін255
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада1419
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда29301
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280970

Серіктестер