Онлайн газет



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ- ЖАУАПТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту, олардың алдын алу-бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі. Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда ауыл тұрғындарына кез келген құқық бұзушылық үшін заң алдында жауап беретіндігі айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу бағытында да түрлі іс-шаралар қолға алынған.
Округке қарасты елді мекендерге құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 4 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ, ұрлықтың алдын алу және жол ережесін сақтаудың маңыздылығын насихаттайтын баннерлер ілінген.
Өткен жылы  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабы-әртүрлі ұсақ бұзақылықтар жасағаны үшін 13 құқық бұзушылық анықталды. Кодекстің 505 бабы- елді мекендерді абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 4, 441-бабы-тыйым салынған орындарда темекі шегу 3,  492 бабы-құжат тіркеу ережесін бұзғаны үшін  9 құқық бұзушылық орын алды.
Құқық бұзушылық-қоғам өміріне тән кереғар құбылыс. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Құқық бұзушылық-заңды, оның қағидаларын, кұқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс- әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Сондықтан қоғамдық тәртіпсіздіктерге «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру арқылы әрбір адам өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын болады. Заң талаптарына қайшы іс-әрекет жасалғаны анықталған жағдайда заң алдында жауап беретіндігін ұмытпағандары абзал.

Асқар Прманов,
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін722
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада722
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40912
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248298

Серіктестер