Онлайн газет



НАШАҚОРЛЫҚ - ҚАУІПТІ ІНДЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нашақорлық проблемасын жиі көтеріп келеді. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда заманның залалды кеселі туралы тағы да айтты. “Нашақорлық-ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады”,-деді.
Қазіргі таңда елімізде есірткімен күрес маңызды бағыттардың біріне айналды. Қоғамдық кеселмен күрестің алдын алу мақсатында Диқан ауылдық округінде де жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Бірінші байлық» денсаулықтың жайын қазақ қашаннан жоғары бағалаған. Расында да адам баласы үшін денсаулықтан артық байлық жоқ. Халықтың денсаулығы - ел қуаты. Еліміздің жарқын болашағы - жастар. Өкінішке орай, жастар арасындағы нашақорлық аса өзекті проблемаға айналып отырғаны жасырын емес.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні айдан анық. Сондықтан есірткіге қарсы күрестің алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,  қоғам үшін аса қауіпті әсіресе синтетикалық препараттардың таралуының жолын кесу, олардың қолжетімдік деңгейін төмендету - басты міндеттердің бірі саналады. Осы мақсатта ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі маманы А.Тамашаның ұйытқы болуымен «Есірткі бизнесіне қарсы күрес» атты акция өтіп,  ауыл тұрғындарына бүктемелер үлестірілді. Сонымен қатар ауыл жастарымен «Нашақорлық және қылмыс» тақырыбында кездесу өткізіліп, жастар өзара пікір алмасты.
Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Есірткімен күрес - баршаға ортақ іс. Аталған кеселмен ел болып, халық болып бірге күрескенде ғана оған тосқауыл қойылатын болады.

Жұман Абдуалиев,
Диқан ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін456
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада456
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40646
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248032

Серіктестер