Онлайн газет



ҮЛГІЛІНІҢ ҚОС ҚАРЛЫҒАШЫ

Күні кеше ғана еліміз болып 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік. «Әйелдер – әлемнің тірегі» демекші, арамыздағы ақылшы, тәрбиеші, үйдің берекесі ғана емес, елдің ұйытқысы болып жүрген аналарға қанша құрмет көрсетілседе артық емес.
Сондай аналардың қатарына Үлгілі ауылында тұратын Бархан Мамаева мен Береке Төлеубаева да жатады.
Бархан Абсатқызы - ұзақ жылдар ауыл мектебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ берген ұлағатты ұстаз. Ол өмірге 7 бала әкелген «Алтын алқа» иегері. Бүгінде зейнетте болсада ауылдағы аналар алқасының мүшесі бола жүріп, «Ақ әжелер»  ансамблінің жезтаңдай әншісі.
Ал Береке Мейрамқызы болса өмірге 11 ұл-қыз әкелген ардақты ана, «Алтын алқа» иегері. Береке кәсіпкерлікпен айналысады. Үйінде сиыр сауып, одан құрт дайындап сатады.
Бархан пен Береке әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен «Аяулы ана» республикалық конференциясына қатысып, қайтты. Онда ауылымыздың екі көпбалалы анасы бірнеше баланы өмірге әкеліп тәрбиелеудегі, өздері атқарып отырған жұмыстарындағы қол жеткізген жетістіктері, бала тәрбиелеудегі толымды істеріне орай Қазақстан Республикасы «BILIM - ORKENIETI ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында өткізілген байқаудың жеңімпазы ретінде «Аяулы ана» ордені, І дәрежелі дипломымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Сондай-ақ Береке Мейрамқызы жолдасы Ибрагим Сағындықұлы, қызы Әсия үшеуі «Qazaqstan» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына шақырылып, 7 наурыз күні тікелей эфирде өз отбасына байланысты сұхбат берді. Ауыл тұрғындары бұл сұхбатты жібермей көріп, тыңдады. Мұнда бала тәрбиесіне, көпбаланы өмірге әкелуге, оларды тәрбиелеуге байланысты қиындықтар, басқа да көптеген сұрақтар қойылып, оған нақты жауап берілді.
Міне біздің ауылымыздан шығып, осындай құрметке ие болған қос анаға деген алғысымыз шексіз. Олар бірнеше баланы өмірге әкеліп қана қоймай, ауылымыздың атын жақсы жағынан шығарғанына ауыл халқы дән риза.
Үлгілінің қос қарлығашы Бархан пен Берекені марапаттарымен құттықтай отырып,  алда да табыс биігінен көріне берулеріне тілектеспіз.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 15.03.2024 10:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін399
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1588
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40589
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247975

Серіктестер