Онлайн газет



ҰЛТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - ТӘРБИЕДЕ

Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені, қазақ қоғамының діңгегі осы құндылықтарда жатыр. «Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді»,-деп айтпақшы, тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор. Расымен де, балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады. Ал отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық болып өскен баланың ұстанымы мықты болады. Отанның ұлы ұғым екенін ұғынып, елінің қорғанына айналады. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген сөздің негізі сонда болары анық. 
Жалпылама алып қарайтын болсақ, әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігінде қалыптасқан салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеуінің тың тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі-ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен ұштасып, күнделікті тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде  жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық болмысымыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар озық ойлы күшті ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды.
Бабаларымыздың айтқан әрбір сөздерінің мәні терең мағыналы. «Балаң өзіңе тартса жұбан, қоғамға тартса қуан», - деп бекер айтпаған дана халқымыз. Мұндағы негізгі мән қоғаммен етене араласу, қоғамға пайдасын тигізу, қоғамда белгілі бір орын табу мақсатында айтылса, «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбайтын дәстүр қалдыр» деп, ұлттық құндылықтардан болған дәстүрдің үйретілуі, насихатталуы мен жаңғыруы бала тәрбиесіндегі орнын айшықтап тұрғандай. Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле. Мұнымен ұлттық тәрбиенің маңыздылығын көрсетуде. Қазақ елінің әлеуметтік тұрақтылығы мен мәдениеті үшін ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың маңызы өте орасан зор. Қазақ халқының өміріндегі үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу мен қонақ күтудің елеулі маңызы мен өсиет айту, терме, айтыс, шешендік сөздер, қазақ халқының поэзиясы, туыстық қарым-қатынастары, қонақжайлылық, тектілік сынды маңызды дүниелері жетерлік. Осындай құнды дүниелерімізді өскелең ұрпаққа, жастарымыздың бойына сіңіру еліміздің жарқын болашағына өз септігін тигізбек.

Ерлан  БАРТБЕК,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1038
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1038
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда41228
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248614

Серіктестер