Онлайн газет



СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫң АЛДЫН АЛУ

Көктем мезгілінің жақындауы, күннің күрт жылыну салдарынан қардың еруі, жауын-шашынның көп мөшерде түсуі, өзендер мен көлдердегі су деңгейі көтерілуі су тасқыны жағдайларына әкелуі мүмкін. Су тасқыны құдықтар мен ұңғымалардағы судың қоқыс үйінділерінен, шаруашылық аулаларынан, дәретханалардан, тазарту құрылыстарынан ағынды сулармен жаппай ластануына әкелуі мүмкін. Еріген сулар микробтардың көп ластануымен сипатталады. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде жіті ішек инфекцияларының қоздырғыштары, паразиттік аурулар, вирустық гепатиттер сияқты тағы басқа су және фекалды-оралды жолмен берілетін инфекциялардың таралу ықтималдығы артады. Өйткені еріген сулар орталықтандырылмаған ауыз су көздеріне (құдықтарына) түсуі, судың қанағаттанарлық дәм мен көрінетін қоспалардың болмауына қарамастан тұтынуға жарамсыз және эпидемиялық қауіпті етуі мүмкін.
Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардан қорғану үшін қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтау қажет:
- Ашық су қоймалары мен құдықтардан су ішпеңіз-ластанған еріген су болуы мүмкін;
- Ауыз су ретінде тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз;
- Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз (дәретханаға барғаннан кейін, жануарлармен байланыста болғаннан кейін, тамақ дайындамас бұрын және тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз);
- Суланған азық-түліктерді пайдаланбаңыз немесе жеткілікті толық термиялық өңдеуден кейін ғана тұтыныңыз;
- Көкөністер мен жемістерді шикі түрде жеген кезде оларды сумен мұқият жуып, қайнап тұрған сумен шаю керек;
- Ішуге, тамақ дайындауға, ыдыс жууға, балалар ойыншықтарын жууға, шомылуға және душ қабылдауға еріген суды пайдаланбаңыз;
- Тұрғын үй-жайларды және қоғамдық пайдалану орындарын таза ұстаңыз, аумақтар мен тұрғын үйлерді тазалауды қолғаппен жүргізу қажет;
- Құдықтарды ластанған суды айдау арқылы құрғату қажет және арнайы ұйымдардың көмегімен дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу қажет;
- Су тасқыны кезеңінде аулалық дәретханалардың жер бетінен 35 см жоғары толуына жол бермеңіз;
- Егер жедел инфекциялық аурудың белгілері пайда болса (дене температурасының жоғарылауы, құсу, іш өтуі пайда болуы және тағы басқа), өзін-өзі емдеумен айналыспай, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Алдын алу шараларын орындау арқылы Сіз жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуынан сақтана аласыз.

Роза Пірімқұлова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін337
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1526
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40527
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247913

Серіктестер