Онлайн газет



ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕНІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақ әйелі-ең әуелі, ардақты ана, отбасының сақтаушысы. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуымен жүректегі мейірімін аяған емес. Алтын құрсақты ананың амандығы, баланың жарқын күлкісі-біздің басты байлығымыз.
Халықаралық әйелдер күні мерекесінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов көкталдық ақжаулықты ана Райкүл Рапишеваға облыс әкімінің Құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар, ардақты анаға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын тарту етті.
Райкүл Рапишева 1945  жылы 1 қарашада Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал ауылында дүниеге келген. “Жамбыл құс” фабрикасында 35 жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан.
Ұзақ жылғы еңбектері жоғары бағаланып,«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. Отбасында 8 бала тәрбиелеп, 28 немере, 6 шөбере сүйіп отырған ардақты әже облыс, аудан басшыларына деген шынайы ақ тілегін білдірді.

*   *   *
Айтулы мереке күні  аудан басшысы Бақыт Қазанбасов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков Тегістік ауылының қарт тұрғыны, ғасыр жасаған көпбалалы ана Құлманова Сарқыт әженің (суретте) шаңырағында болды.
Кездесуде аудан басшысы әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жанды айтулы мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын, жылы лебізін білдірді. Ар-намысты жалау еткен асыл ананы ардақтау шарасы барысында Бақыт Алпысбайұлы Сарқыт әжемен емен-жарқын сұхбаттасып, мерекеге орай сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Еңбек жолын 1947 жылы Байзақ ауданы, Чапаев (қазіргі Шахан) совхозы қойшысының көмекшісі болып бастаған Сарқыт әже 1974 жылдан сушы және сауыншы болып жұмыс істеп 1984 жылы зейнетке шыққан. Шаруашылықтың қай саласында істесе де ол кісінің көрсеткіштері жоғары, тыл ардагері қоғамдық өмірде де белсенді болған. Өмірден жинаған мол тәжірибесін үнемі өзінен кейінгі буын өкілдеріне, жастарға үйретіп отырудан әсте жалықпаған қарт ана жұбайы Дүйсенбай екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде жүздеген немере, шөберелерінен тараған 15 шөпшектің мәуелі бәйтеректей әжесі.
«Баршамыз асыға күтетін ерекше мейрамда ең алдымен аналарымызды ардақтаймыз. Өйткені, адамзат баласы үшін «Әлемнің жарығын сыйлаған» жанның орны әрқашан айрықша», - деді аудан әкімі.
Өз кезегінде ардақты ана аудан басшысының арнайы құттықтап келгеніне ризашылық білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ ауданды өркендету бағытындағы бастамаларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 15.03.2024 10:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін568
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада568
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40758
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248144

Серіктестер