Онлайн газет



ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

Республикалық қоғамдық қабылдау ауданымызға қарасты  Қызыл жұлдыз және Байзақ ауылдарында өтті.
Шараға Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Алпамыс Әбенов, “Amanat” партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ермұхан Жұмабек, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков пен облыс әкімдігінің басқарма басшылары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Қабылдау шарасы алдымен 6 мыңнан аса тұрғыны бар Қызыл жұлдыз ауылында өтті. Тараз қаласының жаңа бас жоспарына сәйкес Байзақ ауданынан 3 ауыл қала құрамына кіретін болады. Сол ауылдың бірі осы Қызыл жұлдыз ауылы. Сондықтан мұндағы жұртшылық ауылдағы шешілуі тиіс бірқатар мәселелер шешілмей қалама деп алаңдаулы.
Мәселен, 15 жылдан бері жөндеу көрмеген Қ.Тортаева, К.Мырзакулов, М.Нұрбаев көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу. Дегенмен ауыл әкімдігі тарапынан аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 128 млн. теңгеге сметалық құжаттар жасалып, сұраныс беріліпті. Бірақ, бұл нақты жұмыс жасалады деген сөз емес. Бірақ, үнемделген қаржы есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Өз тілшіміз.

Обновлено 12.03.2024 17:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін452
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада452
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40642
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248028

Серіктестер