Онлайн газет



ӨНЕРЛІНІ ӨРІСТЕТКЕН «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»

Таяуда «Ерасыл» бөбекжай бақшасында өзімнің ұйытқы болуыммен  Алғыс айту күніне орайластырылып, тәрбиешілер мен кіші қызметкерлер арасында “Екі жұлдыз” əн байқауы өтті.
Айтулы шараны  Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі Нүркен Өнетаев пен аталған бақшаның меңгерушісі Қарлығаш Охашева ашып, Алғыстың адам өмірінде алатын орнына тоқтала келе, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
«Екі жұлдыз» ән байқауының шымылдығы Мөлдір Жанысбектің әдемі биімен ашылды. Бұдан соң сахна төріне көтерілген 9 жұп таныстырылып,  «Әнді сүйсең, менше сүй», «Әнді жылдам табу» аталымдары бойынша сынға түсті.
Әдемі ән  сайысында жұптардың орындауында  папури, «Қыз бала қонақ еліне», «Балқия», «Алғыс айту», «Уақыт», «Жауап», «Ләйлім», «Жолыққан қандай жақсы», «Қай жақтың қызы», «Көңіл толқыны»,  «Біздің басшы бәрінен де жақсы адам» әндері шырқалды.
Әділқазылар алқасы қатысушылардың киім үлгісіне, шығармашылық ән таңда,  әнді орындау деңгейіне басымдық берді. Байқау нәтижесімен бас жүлдені Гуля Бекеева мен Раушан Карибозова жеңіп алды. Бірінші орынды Ғалия Бахаева мен Гүлмира Джуринбаева, екінші орынды Назира Жолшыбекова мен Айнура Тажиева, үшінші орынды Жансая Құланшақова мен Ақтоты Илиясова  иеленді.
Бұдан бөлек «Мәдениетті жұп»-  Жанат Нұрманова мен Мөлдір Сейсенқұлова, «Дарынды жұп»-   Айнұр Жидебаева мен Гүлнұр Шынтекова, «Өнерлі жұп»- Нүриля Ержигитова мен Айгүл Майлыбаева,  «Мәдениетті жұп»-Рабиға Расилова мен Ғалия Сыбанова, «Жарасымды жұп» -Гүлжан Үмбеталиева мен Гүлмира Халмұратова  атанды.
Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде бақша меңгерушісі Қарлығаш Мәделіқызы сөз алып, байқауға қатысып, өнер көрсеткен жұптарға қолдау білдіргендерге алғысын айтып, топ жарған жүлдегерлерді қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар  байқаудың ажарын, осы бақшада  тәрбиеленген Нұрайдар Айтмахан мен Кәусар  Ерғали  “Қай жақтың қызы” әнін тамылжыта орындап, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. Мұнымен қатар ән сайысына  демеушілік жасаған Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімшілігі, жеке кәсіпкерлер Марат Сәбет, Мұхамеджан Ақбаев, Ерлан Каринбаев, Жамбыл атындағы орта мектеп директорының орынбасары Айгүл Нұрабекова, Жетібай дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Гүлжан Уразбаеваларға алғыс айтылды.
Байқау соңында барлық жұптар бірлесе «Екі жұлдыз» әнін әуелете шырқап, шараны түйіндеді.

Айгүл  Майлыбаева,
музыка жетекшісі.
Жетібай ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін717
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада717
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40907
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248293

Серіктестер