Онлайн газет



АНАЛАР АРДАҚТАЛҒАН КҮН

Кеше аудан әкімдігінде аудан  әкімі Бақыт Қазанбасов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандағы бірнеше нәзікжандыларды қабылдады.
-Көктемнің алғашқы күндерімен тұспа-тұс келетін Халықаралық әйелдер күні біз үшін ерекше мереке. Олай дейтінім әйел-тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі. Сондықтан «Әйел – әлемнің тірегі» деп бекер айтылмаған. Сіздер үй ішіндегі тірлік, бала тәрбиесімен бірге ауданымыздың өсіп-өркендеуіне де мол үлес қосып келесіздер. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, отбастарыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін, - деді аудан  әкімі Бақыт Қазанбасов.
Бұдан кейін аналарды аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева айтулы мерекемен құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлының атынан барлық аналардың  иықтарына ақ орамал жабылып, арнайы гүл, сыйлық тапсырылды.
Кездесуге қатысушылар атынан көкталдық ардагер ана Райкүл Рапишова, қостөбелік Макун Төлеуғалиева, сарыкемерлік Салтанат Иманова, Елена Кемдер сөйлеп, өздеріне жасалған құрмет үшін аудан басшыларына алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Сүндетулла Әбілов.

Обновлено 11.03.2024 18:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін653
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада653
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40843
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248229

Серіктестер