Онлайн газет



МАРАПАТТАР ИЕСІН ТАПТЫ

Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аналар мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Жиында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ардақты аналарымыз бен аяулы аруларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
-Біздің ауданымыздан ақын да, жазушы да, батыр да, мықты спортшылар да шыққан. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Ал бұған сіздердің қосып отырған үлестеріңіз мол. Сондықтанда сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін,-деді аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы.
Аудан әкімі Б.Қазанбасов ауданымыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №439 Жарлығы бойынша өмірге көпбала әкеліп, оларға ұлағатты тәрбие берген түймекенттік Қаламкүл Әбзелова мен жаңатұрмыстық Сая Жүгібаеваға «Алтын алқа», ал Жібек жолы, Аққия, Ақшолақ ауылдарының тұрғындары Жазира Әбенова, Мақпал Жанысбаева, Әлия Тугаловаларға «Күміс алқаны» салтанатты жағдайда тапсырды.

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маманы Гүлжан Қанаева мен «Айгүл» бөбекжай бақшасының медбикесі Науаткүл Түртбаева Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасына, ал аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлжан Құрақбаева, «Айгерім» жеке кәсіпкерлігінің директоры Қарлыға Тайшыбекова, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас маманы Гүлжан Қуатовалар Алғыс хатына ие болды.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін бірнеше еңбек озаттарына «Байзақ ауданына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалі, Байзақ ауданы әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді.
Айтулы мерекеге орай әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер (нәзікжандылар) арасында спорттың 8 түрінен облыстық спартакиадада аудан командасы І орынды иеленген болатын. Аудан әкімі спортшы қыздарымызды сахна төріне шақырып, құттықтап гүл сыйлады.
«Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосып жүрген қыздарға филиалдың Алғыс хатын табыс  етті.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты. Концерт барысында залда отырған барлық қыз-келіншектер мойнына ақ ормал салынғаны әсерлі шықты. Сондай-ақ ана туралы әндерден попурри орындалған тұста әнші жігіттер залда өлең айта жүріп, қыздарға гүл тапсыруы да жарасымдық тапты. Бұл күні шырқалған әндердің  барлығы анаға байланысты болып, оларға залда отырған қыз-келіншектердің қосыла шырқауы да көпшіліктің көңілін көтерді.

Сүндетулла Әбілов.

Обновлено 11.03.2024 18:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін514
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада514
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40704
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248090

Серіктестер