Онлайн газет



ТОҒЫЗ ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ

Диқан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе ауылындағы Омарбек Алтынбеков пен Гүлбаршын Маханова 9 қыз тәрбиелеп, өсіргенін естіп, кеше сол отбасыға бардық. Біз барғанда көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегерін Тараз қаласында тұратын кенже қызы  Ақнұр құттықтап келіп жатыр екен.
-Мен Қызылорда облысы, Арал қаласының қызымын.  1981 жылы Таразға оқуға келгенімде Омарбекпен танысып, тұрмысқа  шықтым. Омарбектің әкесі 11 жасында қайтыс болған екен. Мен келе сала совхозда қызылшада жұмыс істей жүріп, 9 қызды өмірге әкелдім. Бүгінде қыздарымның барлығы өз алдына үй-жай болып кетті. Олардан 24 немере сүйіп отырмын,-  дейді Гүлбаршын.
Омарбектің 2 қызы Ақтауға, 3 қызы  Қызылордағы, ал 4 қызы Тараз қаласына тұрмысқа шыққан екен. Күйеубалаларының төртеуі әскери қызметте болса,  қыздарының үшеуі білім, екеуі денсаулық сақтау саласында қызмет ететінін білдік.
-Тоғызыншы қызым 1998 жылы өмірге келгенде Серік қайнымның Тұрсынбек деген баласын өз атымызға жаздырып, бауырыма бастым. Қолымызда 5-6 жыл тұрды. Өкініштісі сол, олардың өздерінде бұдан  басқа бала болмағандықтан әке-шешесіне қимай-қимай оны қайтып  беруге тура келді, - дейді Гүлбаршын Ахметқызы.
Мұны көріп-біліп отырған үлкен қызы Жазира өзінің баласын әке-шешесіне берген. Алайда олда алғаш мектепке барған жылы әке-шешесінен қалмай өз ауылына кеткенін Омарбек сөз арасында айтып қалды.
Омарбек пен Гүлбаршын тек ұлдарының жоқтығы болмаса басқа тірлікке дән риза. Екеуі де зейнетте. Соған қарамастан кешегі Кеңестер Одағы кезінде алдыңғы қатарлы механизатор болып жұмыс істеген Омарбек зейнетке шыққаннан кейін  «Бином» құрылыс компаниясында құрылысшы болып еңбек етіп жүр. Сарыкемер ауылындағы биылғы жылы салынған 5  қабатты төрт үйдің құрылысында өзінің қолтанбасы қалғанында сөз арасында айта кетті.
Омарбектің  үлкен қызы Жазира бүгінде Жаңаөзенде тұрады. Олда 6 ұл, 1 қызды өмірге әкелген анасы тәрізді «Алтын алқа» иегері. Ал немерелерінің ең кішісі Тараз қаласында тұратын Ақнұр қызының қызы үш айлық екен.  Жақын жерде тұрғандықтанда болар анасын алғаш құттықтап келіп отырғанда сол.
Үйлеріне жиі-жиі келіп, әке-шешелеріне  көмек қолын созып жүрген қыздары мен жиендаріне Омарбек пен Гүлбаршын дән риза.
Тоғыз қызды өміре әкеліп, бағып құтты ұясына қондырған алтын құрсақты ана Гүлбаршын Ахметқызын бүгінгі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен бізде құттықтап, отбасына амандық тіледік.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 11.03.2024 17:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін520
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада520
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40710
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248096

Серіктестер