Онлайн газет



АНАНЫ ҚУАНТҚАНҒА НЕ ЖЕТСІН

Көгілдір көктемнің жарқын мерекесі - Халықаралық әйелдер күні мейрамын асыға күтеміз. Өйткені бұл күні барлық құрмет пен қошемет нәзікжандыларға көрсетіліп жатады. «Дүниеде үш нұр бар: біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, үшіншісі – ананың нұры»,-дейді халық даналығы. Өйткені, Ана - ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке – ырысы ғана емес, ол еліміздің  қоғамдық-саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі.
Қазіргі кезде әйелдер еліміздің дамуы мен  әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени салаларындағы оң өзгерістерге сүбелі үлес қосып келеді. Сонымен қатар, туған Отанымыздың келешегі жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі орны ерекше.  Жалпы қазақ халқының болмысындағы, дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді: тілін, ділін, дінін, әдет - ғұрпын, салт - санасын, ұлттық дәстүрін баласынан немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, дамытушы әйел-ана деп санаған.
Сондай аналардың бірі-өзіммін.Тараз қаласында дүниеге келдім. ТарМПУ-нің физика факультетін бітіріп шыққан соң “Дипломмен - ауылға” бағдарламасымен жұмысқа орналастым. 2022 жылдан бері Көктал орта мектебінде физика пәнінен дәріс беремін. “Дипломмен - ауылға” бағдарламасына ілініп, туған жерімде қызмет етіп жатқаныма қуаныштымын.
Мамандығымды өте жақсы көремін, құрмет тұтамын. Қазіргі жастар білімге құштар, зерек, әлеуеті зор, мүмкіндіктері орасан. Сондықтан көп ізденіп, озық технологияларды пайдалана отырып, білгенімізді балаларға мейлінше үйретіп, өзіміз де солармен бірге кәсіби тұрғыда өсіп жатырмыз. Бәсекеге қабілетті, білімді, адамгершілігі мол, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - басты міндетіміз.
“Дипломмен-ауылға” бағдарламасының көмегімен баспаналы болдық. Екі баланың анасымын, жолдасым кәсіпкерлікпен айналысады.
Жыл он екі айда айналып келетін Әйелдер мерекесін асыға күтеміз. Алдымен мейрам күні анам мен енемді құттықтап, сый-сияпатымызды табыс етеміз. Өйткені ананы қуантқанға, қуаныш сыйлағанға не жетсін!
Ана алақаны әлемді тербетіп, мейірімі жер бетін жылытады, ал махаббаты барлығымызды аялайды. Ақжаулықты аналар мен аруларды, әріптестерімді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарына құт-береке тілеймін.

Асем РАХЫМЖАНОВА,
ұстаз. Бурыл ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін248
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1437
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40438
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247824

Серіктестер