Онлайн газет



ЕГІН ОРАҒЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

Гүлшаһар Ермұратова

"Ауыл жаңалығы"

Шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан  аудан әкімі Мұратхан Шүкеев  “Бапыш-Сейсенбай” шаруа қожалығының  ақ бидай жайқалған алқабын аралап, егін орағының тыныс -тіршілігімен танысты.

Егін шаруашылығымен қатар  мал шаруашылығының тізгінін  қатар ұстаған Сәкен Рәпілбеков басшылық ететін “Бапыш-Сейсенбай” шаруа қожалығы үстіміздегі жылы 1000 гектар алқаптың 430 гектарына-күздік бидай, 450 гектарына арпа еккен екен. Уақытты тиімді пайдаланудың, агротехникалық шараларды қатаң сақтаудың арқасында бұл шаруашылық дәнді-дақылдар, оның ішінде бидайдың  әр гектарынан  25 центнерден  жоғары өнім алуда.
Жер қойнауын емген диқан үшін ең  жауапты кезең-егін орағы. Егін алқабында  үш комбайн,  2 “Камаз” көлігі еңбек көрігін қыздыруда.

Обновлено 27.07.2016 10:34
Толығырақ...
 
Ынта болса жұмыс табылады

Айдана Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде дүниеге келген “Жұмыспен қамту -2020 жол картасы” бағдарламасының басты мақсаты - елдегі еңбек нарығының тиімділігін арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз немесе өз бетінше жұмыспен айналысушы халықты  жұмыспен нәтижелі қамтуға арналған. Осылайша елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарлама міндеттемелері былтыр қайта жаңаланып, кезең-кезеңімен іске асырылуда.
«Жұмыспен қамту -2020» байзақтықтар үшін де тиімді бағдарлама болуда. Жыл сайын оның көмегімен несие алушылардың, жұмысқа орналасушылардың және біліктіліктерін жетілдірушілердің саны көбейіп, жаңадан жұмыс орындары ашылып жатыр. Оны біз Байзақ ауданы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры Арғынбай Әлкенұлынан сұрастырып-білгенде байқадық. А.Сқақовтың айтуынша мемлекеттік бағдарламаны орындауда және алға қойған жоспарды жүйелі жүзеге асыруда ауданымыз облыс көлемінде үздік үштіктің қатарынан көрініп келеді екен. Ауқымды бағдарламаның ел ішінде кеңінен таралуына атсалысып жүрген аудандағы халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыстары қазір қай деңгейде? Ол туралы басшының өзі былайша әңгімеледі.
- 2011 жылдың 1 шілдесінде

Обновлено 25.07.2016 16:16
Толығырақ...
 
облыстық семинар-кеңес “Қант қызылшасы дақылын күтіп-баптау және қоректендіруге” арналды

Гүлшаһар Ермұратова

"Ауыл жаңалығы"

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық тауарларды көптеп өндіретін жаңа өндіріс орындарын ашуды, Қазақстан өнеркәсібін дамытуды, жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырды.  Бұл міндеттер дағдарыс кезінде елді азық-түлікпен және бірінші кезектегі қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және оларды төмен бағамен сату, ауыл шаруашылығын көтеру арқылы халықты экологиялық таза өнімдермен қамтуға, екіншіден, бәсекеге  қабілетті отандық тауарлар қатарын көбейтуге жол ашатындығы анық.
Облыс әкімі К.Көкірекбаевтың  тапсырмасына орай,  облысқа қарасты аудандарда  қант қызылшасын өсіруге айрықша ден қойылып,  осы бағытта көптеген игілікті істер қолға алынуда.
Бурыл ауылдық округіндегі  “Байназаров”,  “Бірлік” және “Адлер” шаруа қожалықтары бірлесіп,қант қызылшасын егуді қолға алған еді.”Байназаров” шаруа қожалығының егістік алқабында Юрий Шейрер басшылық ететін “Адлер” шаруа  қожалығы 18 гектарына қант қызылшасын еккен болатын. Осы аптаның бейсенбісі күні  осы алқапта “ЕвроХим-Қаратау” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйытқы болуымен “Қант қызылшасы дақылын  күтіп-баптау және қоректендіру” тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді.
Алдымен кеңеске қатысушыларды “ЕвроХим-Қаратау” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сату бөлімінің басшысы Андрей Прокопов компания өнімдерімен таныстырды. Одан кейін   аталмыш  бөлімнің маманы Қанат Қанафин “Қант қызылшасы дақылын қоректендіру жүйесі”,  ал  “Қазақ  егіншілік

Обновлено 25.07.2016 16:13
Толығырақ...
 
ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның сейсенбісі күні, Сарыкемер орта мектебінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясы болып өтті. Аудан әкімі М.Шүкеев пен оның салалық орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқарушы Р.Сапарбеков, ауылдық округ әкімдері мен бөлім, кәсіпорын, мекеме басшылары қатысқан сессияға №2 сайлау округінен сайланған депутат А.Исабаев төрағалық жасады. Сессия күн тәртібіне екі мәселе шығарылды.

Алдымен сессия қатысушылары алдында аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Арман Дауренбеков баяндама жасады.

Обновлено 25.07.2016 16:06
Толығырақ...
 
В «Правительстве для граждан»проходит модернизация фронт-офисов

Пресс-служба некоммерческого

акционерного общества

«Государственная корпорация

«Правительство для граждан»

В государственной корпорации «Правительство для граждан» идет работа по модернизации фронт-офисов для получения государственных услуг.В каждом офисе введена единая информационная система по оказываемым через корпорацию госуслугам, безбарьерное обслуживание, электронная очередь, а также подключение к ситуационному центру, который позволяет в режиме реального времени контролировать процесс оказания государственных услуг. На график работы с 9.00 до 20.00 перешло большинство отделений.

Обновлено 21.07.2016 12:23
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1451 1452 1453 1454 1455 1456 1457 1458 1459 1460 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін240
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5891
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1798
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253467

Серіктестер