Онлайн газет



ЖОЛДАУҒА-ҚОЛДАУ

Үшінші жаңғыру - жетістік кілті

Артықбай Үкібаев,
аудандық мәслихаттың депутаты.

Елбасының ел дамуына тың қарқын беретін “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық  бәсекелестікке қабілеттілік” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттар уақыт талабынан туындаған міндеттер деп білемін. Өйткені, қазіргі әлемдегі алмағайып ахуалды, түбірлі өзгерістерді зерделей білген Мемлекет басшысы  бұл жолы да білгір саясаткер  екендігін  мойындатты.
Қазақстанды Үшінші жаңғырту шеңберінде Президент ұзақ мерзімді мақсаттармен қатар,  тез арада шешілуі тиіс міндеттерді де  көрсетіп берді. Соның ішінде, экономиканың жеделдетілген технологиялық

Обновлено 13.02.2017 10:57
Толығырақ...
 
Қант қызылшасына басымдық берілмек

Өткен аптадан бері аудан аумағындағы елдімекен тұрғындарымен кестеге сәйкес, өткізіліп жатқан есепті жиындар Жалғызтөбе, Сазтерек, Ынтымақ ауылдық округтерінде өз жалғасын тапты.
Ауыл тұрғындары аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Сұлтанбеков пен ауылдық округ әкімдері С.Медеубеков, Ж.Шайхиев, М.Ноғаевтардың бірлескен есеп беру кездесулерінде өткен жылы ауыл мен аудан аумағында атқарылған жұмыстар

Обновлено 13.02.2017 10:55
Толығырақ...
 
Басым бағыттар талқылануда

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауындағы басым бағыттар мен  Елбасының  билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқылауға арналған жиын «Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымында өтті.
Мемлекеттік Әнұран орындалған соң жиынға хатшылық етушілер сайланды. «Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымының  төрайымы Толқын Шомаева “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Елбасының Үндеуі мен Жолдаудың мәні мен маңызын түсіндірді.  Басты құжатта ұстаздар қауымына жүктелген міндеттерді байыптылықпен жан-жақты айтып берді.
Төрайымның  баяндамасынан соң «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш ұйымдағы бөлімшесінің жетекшісі Д.Тұрсыналы, партия мүшелері Қ.Арықбаев, Ғ.Арынбаева  Жолдаудың басым бағыттарды іске асыруда жастарды игі істердің ұйытқысы болуға шақырды. Қызыл жұлдыз  ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Дүйсенбаев Жолдауда айтылған мақсаттар мен міндеттерді орындау арқылы озық отыз елдің қатарына қосылатындығымызға сенімді екендігін жеткізді.«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова ел Президентінің  бұл Жолдауы Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашатындығын  айтып, нұротандықтарды  үлкен істердің  көшбасында болуға үндеді. ”Нұр Отан” партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің  мүшесі, ауыл әкімі Ө. Нұрбаев басты құжат жөнінде өзінің ойымен бөлісті.
Жиын барысында күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданып, аудандық  партия филиалының кезектен  тыс ХХ конференциясына делегаттар сайланды.
*                            *                           *
Осындай жиналыс «Байзақ»  бастауыш партия ұйымында да өтті. Онда ұйымның төрайымы Айгүл Есжанова  Елбасының Үндеуі мен Жолдауындағы басым бағыттардан туындайтын міндеттерді баяндады.
Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан  жасотандық Г. Мамыраева  жастар алдында тұрған міндетті сөз етті. «Жадыра и К» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы,”Нұр Отан” партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің  мүшесі Г.Дәулетбаева Жолдауда ауыл шаруашылығына үлкен мән берілгендігін тілге тиек етті. 18 шаруашылық бірігіп, «Жадыра и К» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу, жерді және ауыл шаруашылық техникаларын бірлесе отырып пайдаланудың маңызын, сонымен қатар, Елбасының салиқалы саясатының  және агрофермерлерге көрсетіп отырған қолдауы туралы әңгімеледі. Ботамойнақ ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы К.Шартықбаев Жолдаудағы айтылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға үлес қосу қажеттігін айта келе, соңғы уақытта көтеріліп кеткен жанар-жағар май бағасын реттеуге ықпал етуін сұранды. Жиналысқа қатысып отырған  партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова сөз алып, маңызды құжат пен конституциялық реформа туралы  ойын ортаға салды.
Күн тәртібіне шығарылған  мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданып, кезектен  тыс ХХ  конференцияға 3 делегат сайланды.
*                  *               *
Елбасы Жолдауы елдің зор қолдауына ие болуда. Жолдау жүктеген міндеттер «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында да қызу талқылануда.  «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәкен Сыздықов кезекті жиында құжатта қаралған басым бағыттарды әңгімеледі.
- «Ел болашағын айқындайтын жаңа Жолдау одан әрі дамуымызды нақтылап көрсетіп беріп, үшінші жаңғыруға бастауда. Халық қамы, жастардың жағдайы, кәсіпкерлікті қолдау, агроөндірісті дамыту тағы басқа тың бастамалар көтерілген  стратегиялық құжатты іс жүзіне асыруға біріге жұмыс жасау маңызды», - деді С.Сыздықов.
Бастауыш партия ұйымының бұл жиынында Конституциялық Заңға енгізілетін өзгерістерге байланысты ойлар ортаға салынып,  «Нұр Отан»  партиясы Байзақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына делегаттар сайланды.
Бекітілген кестеге сәйкес осындай жиналыстар 35 бастауыш партия ұйымдарында өткізілді. Алқалы жиындарға   партия аудандық филиалы Саяси кеңес мүшелері және облыстық, аудандық мәслихаттағы депутаттық  фракция мүшелері  қатысты.

Г. Ермұратова.
Өз тілшіміз.

 
Құпиялылық құқығы маңызды

Бұл мәселе «Отандастар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, облыстық прокуратура, құқық қорғау саласының қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан іс-шарада сөз сөйлеген «Отандастар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әдемі Ильиясова Орталық Азиядағы Евразия қорының

Толығырақ...
 
Балалар дән риза

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны  аралығында өткен республикалық «Қамқорлық» акциясы Үлгілі орта мектебінде әлеуметтік педагог Света Ибадуллаеваның ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Алдымен  ата-аналар комитетінің төрағасы Ж.Бұғыбаевпен  бірге ұйымдастырылған рейд барысында

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1321 1322 1323 1324 1325 1326 1327 1328 1329 1330 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1289
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5430
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30997
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201727

Серіктестер