Онлайн газет



Дорога без опасности

Главной задачей сотрудников группы дорожной и технической инспекции  РОВД является обеспечение безопасности дорожного движения – это деятельность, направленная на предотвращение дорожно-транспортных происшествий и их профилактику.

Как известно, на динамике дорожно-транспортных происшествий отражается качество наших дорог. В связи с этим сотрудниками  дорожной полиции постоянно проводятся обследования дорог. За три месяца текущего года проведено

Толығырақ...
 
Қымбатты аудан тұрғындары!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз халқымызда жаңа жылдың бастауын, табиғат ананың қайта жаңғыруын білдіреді. Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі. Бұл күн елімізде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан барша жұрттың ынтымағын жарастырып, ырысын тасытатын күн. Күн мен түннің теңесіп, жер дүниенің жайнайтын Наурыз мерекесінде «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деген тілектер айтылып, араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер – рақымдылық жолын ұстанады. Халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы ұстанып, ағаш отырғызып, бұлақ көзін ашқан. Қамқорлықты қажет ететін  отбасыларға қайырымдылық көрсетіледі. Ұлық мереке алдында Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел тұрғындарына азаматтардың әлеуетін арттыруға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын ұсынып, Үндеуін жариялады. Аудан халқы бұл бастамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуына өз үлестерін қосатын болады деп сенемін.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Ұлыстың ұлы күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін. Наурыз Отанымыз – Қазақстанның гүлденуіне апаратын жаңа жетістіктерге жеткізсін!

Р. РАХМАНБЕРДИЕВ.
Аудан әкімі.

 
Қадірлі байзақтықтар!

Күн мен түннің теңесер шағы, Ұлыстың ұлы күні баршамызға құтты болсын! Сіздерді Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Міне, жер дүниені түлетіп, халыққа шаттық сыйлаған, ұлтымыздың ең ұлық мерекесі – Ұлыстың ұлы күні де жетті. Әз-Наурыз мейрамы – негізінен тіршілік атаулының түрленіп-көбейетін, көркейіп-түлейтін күні. Көктен құйылған шуақ Жер-Ананы қысқы ұйқыдан оятып, ерекше бір күйге бөлейді. Алты ай қыс араласа алмаған ағайын, бір-бірімен төс түйістіріп, құшақтаса амандасады. Мол дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылады. Жеті түрлі дәм қосылып әзірленген Наурыз көжеден  ауыз тиіседі. Көпшілік ән айтып, би билеп, көңіл көтереді. Көгілдір көктемнің көркем мерекесін бүкіл ел болып, қатарынан бірнеше күн тойлайды. Ұлттық нақышта, ұлттық рухта мерекеленетін Наурыз тойы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Ұлық мереке!
Біз аудан тұрғындарын жаңару мен жаңғыру мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Әр отбасына бақытты ғұмыр, ашық аспан, ырыс пен береке, молшылық тілейміз.

“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі.

 
Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - 22 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз елімізге бейбітшілік, саяси тұрақтылық, әлеуметтік және экономикалық өріс, Отанымыздың келешегі жарқын болып, ел ішінде ынтымақ пен бірлік нығая берсін.
Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз зор,ел игілігі жолындағы еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Н. ТЛЕПОВ.
Аудандық мәслихаттың хатшысы.

 
Ардақты ағайын!

Қазақстан  халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем  мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған  ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай  табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!

Е. Тилеубеков.
Аудандық соттың төрағасы.

 
<< Бірінші < Әуелгі 1101 1102 1103 1104 1105 1106 1107 1108 1109 1110 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін300
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6317
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31884
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202614

Серіктестер