Онлайн газет



Бала құқығын қорғауға арналды

1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы “Бала құқықтары туралы” конвенция қабылдаған болатын. Абай  атындағы орта мектепте Бүкіләлемдік бала құқықтары конвенциясының 10 күндігіне орай, «Балауса» тобында «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері» атты тақырыпта тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
1«ә»- сыныбының жетекшісі Гүлбану Ахметова оқушыларға өз құқықтарын

Обновлено 10.12.2018 11:22
Толығырақ...
 
БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Облыс бойынша ең белсенді оқырман оқушыны табу мақсатында «Oqy, tap» облыстық онлайн байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау оқушылардың көркем шығармаларды оқу арқылы рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысқан байқаудың шарттарына сәйкес бірінші кезеңде қатысушылар көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын көрсетсе, байқаудың екінші кезеңінде көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, соңғы кезеңде оқушылар

Обновлено 10.12.2018 11:20
Толығырақ...
 
ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасы, егеменді еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігі баршамызға аян. Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін

Обновлено 10.12.2018 11:19
Толығырақ...
 
Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен аудан тұрғындарын құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінде жаңа тұрпаттағы жасампаз Қазақ елінің жаңғыруынан бастап, мемлекеттік даму жолындағы табыстар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты мен әрбір қазақстандықтың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде келді. Сондықтан бұл мереке – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы зор, тарихи тағылымы терең мейрам.
Бүгінде тәуелсіз елімізде саяси-экономикалық және әлеуметтік реформалар табысты жүзеге асырылып келеді. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты.
Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі бастамалар мен ауқымды реформалар жемісін беріп, мемлекетіміздің мәртебесін биіктете беретін болады.
Тұңғыш Президент күні мерекесі – өрлеудің, өркендеудің, жаңғырудың, жаңашылдықтың өлшемі.Ұлтты қастерлеудің, ұлыны ұлықтаудың ұлағаты. Мемлекеттік мерекеге айналған маңызды күн ұлттық рух пен сенімді нығайтады, отандастардың зияткерлік пен жасампаздық күш-қуатын озық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыруға жұмылдырады.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Көпұлтты және қуатты Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Обновлено 04.12.2018 10:43
 
Мерейлі мереке салтанаты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде өтті. Алдымен жиналған қауым Елбасының өмірге келген сәті мен балалық шағы туралы шағын көріністі, қазақ елін әлемге танытудағы еңбегі жөніндегі фильмдерді тамашалады.

Еліміздің Гимні орындалған соң, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев көпшілікті атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы терең екендігіне тоқталды. Тəуелсіз, қуатты  мемлекет қалыптастырған Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың елімізді әлемге танытудағы ерен еңбегі, Елбасының қайталанбас тұлғасы жөнінде, сондай-ақ,  айтулы мерекені  толымды табыстармен қарсы алып отырған аудан халқының

Обновлено 04.12.2018 10:42
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 991 992 993 994 995 996 997 998 999 1000 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2114
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада2114
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18744
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270413

Серіктестер