Онлайн газет



БУРЫЛДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

Ия, биылғы жыл Бурыл ауылдық округі үшін табысты жыл болды десек артық айтқанымыз емес. Жыл санап халық саны артып келе жатқан ауылдық округте шешімін күткен мәселелер ретімен шешілуде. Солардың айқын дәлелі - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Бурыл ауылында ашылған дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен 180 орындық мәдениет үйі.
Ел игілігіне ұсынылған жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешені

Обновлено 19.12.2020 11:50
Толығырақ...
 
АҚӘДІЛГЕ ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕДІК

1418 күнге созылған екінші дүниежүзілік соғысқа Қарасу ауылынан аттанған 92 ер-азаматтың ішінен елге жеңіспен оралғандардың бірі - менмін.
Даңқты батыр Ақәділ Суханбаев маған немере аға болып келеді. Ерлігі ұрпаққа ұран болған хас батыр Қарасу ауылында дүниеге келіп, сонда ержетті. Мектепте оқып жүрген кезінде ержүрек, батыл, ақкөңіл әрі бауырмал болатын.Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын Ақәділге еліктеп, содан үлгі алуға тырысатынбыз.
Найзабек, Әбиірбек деген екі ағамның соңын ала мен де майданға аттандым. Қос ағам  сұрапыл соғыстан оралмады. Майдан жолым Запорожье қаласын азат етуден басталып, Берлин қаласында аяқталды.Соғыстан кейін Германияның астанасында  екі жыл қатарынан 496 артиллерия құрамында қызмет етіп, елге 1947 жылы күзде оралдым.Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру оңайға түспеді. Бел шешпей еңбек етіп, ел экономикасын көтеруге үлесімізді қостық.
Бүгінде төрт ұл, үш қыздан 29 немере, 53 шөбере, 4 шөпшектің ортасында

Обновлено 19.12.2020 11:45
Толығырақ...
 
ЕР АҚӘДІЛ

Тарих куә кім  бағалы, кім арзан.
Ерлер аз ба елдің атын шығарған.
Осалдыққа орын қалмай ортада,
Отан үшін опат болған мың арман.

Толығырақ...
 
ЕРЛІГІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Байзақ ауданы дегенде ең алдымен ел аузына түсетіні – Ұлы Отан соғысында өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен Ақәділ Суханбаевтың есімі. Небәрі 21 жасында ұрысқа аттанып, 24 жасында поляктың «Стшельцовизна» деревнясы үшін болған шайқаста оқ борап тұрған зеңбіректі кеудесімен жапқан батырды – кейінгі жастар үлгі ететіні анық.  268-ші атқыштар полкінің 2-ші ротасында командир болған А.Суханбаевқа ерен ерлігі үшін 1945 жылдың 28 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Ер есімі қашанда ел есінде. Батыр туған өлкеде Ақәділ Суханбаев ауылдық округі, көше атауы, Сарыкемер ауылындағы орталық саябаққа ескерткіш қойылған. Александр Матросовтың ерлігін қайталаған қаһарман ұлға құрмет ретінде Тараз, Алматы және Беларусьтегі Гродно қалаларында «Ақәділ Суханбаев» атымен

Обновлено 19.12.2020 11:43
Толығырақ...
 
МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Тәуелсіздік мерекесін жалғызтөбелік тұрғындар да қуанышты сәтпен қарсы алуда. Өйткені, араға көптеген жылдар салып барып, ауылдық округте 90 орындық, заманауи мәдениет үйі ел игілігіне ұсынылды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауыл тұрғындарына үлкен тарту болған мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, барша ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтады.
- Еліміздегі үлкен мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында ауылымызда үлкен шара өтіп отыр. Биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы аясында, ауданға 13 миллиард теңге

Обновлено 19.12.2020 11:41
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 611 612 613 614 615 616 617 618 619 620 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін705
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада705
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39706
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247092

Серіктестер